Текст
10.11.2025
Бүгін мектебімізде 5-9 сыныптар арасында Ұлттық валюта күніне және қауіпсіздікке арналған сынып сағаттары өткізілді.
Оқушылар теңге тарихымен, оның ел экономикасындағы мәнімен танысты, ақшаны абайлап пайдалану маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар «Кәмелетке толмаған адам құқықтық жауапкершілікке тартыла ала ма?», «Менің негізгі құқықтарым мен міндеттерім» және «Белгісіз адамға қалай сенімді және қауіпсіз түрде бас тартуға болады?» тақырыптары қаралды.
Сынып сағаттары оқушылардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлыққа тәрбиелеуге бағытталды.