«Орта білім беру ұйымдарында сыныпты басқару туралы ережені бекіту»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 31 мамырдағы № 251 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 маусымда № 28354 болып тіркелді,
БҰЙЫРАМЫН:
«Орта білім беру ұйымдарында сыныпты басқару туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13067 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарында сыныпты басқару туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жасалсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ш. Каринова |
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарындағы сыныпты басқару туралы ереже (бұдан әрі-ереже) «Білім туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже педагогке жүктелген сынып жетекшісінің (бұдан әрі – сынып жетекшісі) оқу-тәрбие процесі шеңберінде сынып оқушыларының қызметін үйлестіру жөніндегі функцияларын айқындайды.
3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
4. Сынып жетекшісінің қызметі-білім беру ұйымының жарғысы, өзекті міндеттерді, білім беру мазмұны мен әдіснамасын, сондай-ақ тәрбие нысандарын жаңартуды ескере отырып, білім алушыларға жеке-бағдарланған көзқарас негізінде құрылатын мақсатты, жүйелі, жоспарланатын процесс.
5. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиісті білімі мен дағдыларына, сондай-ақ ұйымдастырушының жоғары моральдық-адамгершілік, іскерлік қасиеттеріне ие, білім алушыларды ынталандырады, олардың жоғары адами мұраттарға деген ұмтылысын қолдайды және дамытады.
Сынып жетекшісі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалады.
6. Сынып жетекшісінің (директордың) жұмысын жоспарлауды және бақылауды орта білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
7. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты-балалардың жан-жақты дамуын ынталандыру, білім алушылардың жеке басын қалыптастыру және қалыптастыру үшін жағдай жасау, оларды оқыту мен тәрбиелеу процесіне тарту үшін ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау.
8. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
1) салауатты өмір салтына ынталандыру;
2) азаматтыққа және патриотизмге,Отанға деген сүйіспеншілікке, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
3) отбасылық қатынастарды нығайту, ересектерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
4) сынып ұжымында достық орта,өзара түсіністік құру;
5) оқушыларды басқалар үшін жауапкершілікке, топтық жұмыс істей білуге баулу;
6) балалардың отбасында тұру жағдайлары туралы біліу;
7) ата-аналар жиналыстарын (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналар (өзге де заңды өкілдер)үшін консультациялар өткізу;
8) білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп қағидаларын сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен (өзге де заңды өкілдермен) өзара іс-әрекет жасау;
9) аптасына бір рет сынып сағаттарын өткізу;
10) білім беру ұйымының басшысын (директорына) сыныппен тәрбие жұмысының жай-күйі туралы хабардар ету.
9. Сынып жетекшісінің функциялары:
1) ұйымдастыру-үйлестіру функциялары:
«мектеп-білім алушы-ата-ана» өзара іс-әрекетін жүзеге асыру;
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығымен бекітілген құжаттаманы жүргізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген).
2) аналитикалық функциялар:
білім алушының жеке ерекшеліктерін зерттеу;
сынып оқушыларының үлгерімінің жай-күйін және жалпы даму динамикасын талдауды жүзеге асыру.
3) коммуникативтік функциялар:
білім алушылар арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттеу;
сынып ұжымында жалпы қолайлы психологиялық ахуалға жәрдемдесу;
білім алушыларға коммуникативтік қасиеттерді қалыптастыруға көмек көрсету;
мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар (өзге де заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.
4) Бақылау функциялары:
сынып оқушыларының үлгерімін, сабаққа қатысуын, сыртқы келбетін, эмоционалды-психологиялық жағдайын бақылауды жүзеге асыру.
10. Функцияларына сәйкес сынып жетекшісі білім алушылармен жұмыс формаларын таңдайды:
1) жеке (әңгімелер, консультациялар, проблемалардың шешімін бірлесіп іздеу және басқалар);
2) топтық (шығармашылық бірлестіктер, өзін-өзі басқару органдары және басқалар);
3) ұжымдық (конкурстар, спектакльдер, концерттер, жорықтар, слеттер, жарыстар және басқалар).
11. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде сынып жетекшісі ата-аналарды (өзге де заңды өкілдерді) оқыту процесі туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді.