Текст
Бүгін «Бейіс-Хазрет а. НОМ» «Ғаламтордағы қауіпсіздік» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар интернетте қауіпсіз әрекет ету ережелерімен танысып, жеке деректерді қорғау, жалған аккаунттар мен күмәнді сілтемелерді анықтау жолдарын, сондай-ақ кибербуллинг жағдайында дұрыс әрекет ету тәсілдерін үйренді.
Оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасып, практикалық тапсырмаларды орындады және өздерінің интернеттегі тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл тренинг оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, интернетті жауапты әрі қауіпсіз пайдалануға ықпал етті.