«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БҰЙРЫҚ. Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы

Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы

   Тәрбие жұмысының бағдарламасын жаңарту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмалар хаттамасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:
  1.  Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы;
  2.  осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті (М.Медетбекова):

1) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін;

2) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізсін;

3) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іске асыруды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:

  1. осы бұйрықты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, меншік нысанына қарамастан, жоғарғы оқу орындарын қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;
  2. 2024-2025 оқу жылынан бастап барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізсін (келісім бойынша). 
  3. меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру арқылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін.

         4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі «Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын» бекіту туралы № 294 бұйрығының күші жойылсын.

         5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспанға жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрі                                                                   Ғ. Бейсембаев

Согласовано

29.07.2024 15:30 Медетбекова Меруерт Аскарбековна

29.07.2024 16:57 Жумашев Каныбек Бекболатович

29.07.2024 18:36 Муханбетов Асет Гарифуллейович

29.07.2024 19:01 Куптлеуова Багымкуль Абубакировна

29.07.2024 20:29 Курманбекова Карлыгаш Жаркынбековна

30.07.2024 09:56 Нагметжанова Толкын Сериковна

30.07.2024 10:00 Акитаева Гульден Бериковна

30.07.2024 10:02 Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна

Подписано

30.07.2024 18:55 Бейсембаев Гани Бектаевич

Жаңартылған күні: 20.09.2024 14:20
Құрылған күні: 21.09.2024 10:21

Текст