Текст
Бүгін мектебімізде спорттық викторина өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың спорт пен салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыру. Қатысушылар спорт түрлері, Олимпиада ойындары мен әйгілі спортшылар туралы сұрақтарға белсене жауап берді. Викторина көңілді әрі танымды түрде өтіп, барлығына көтеріңкі көңіл күй мен сергектік сыйлады!