Текст
Бейнелеу, сызу, музыка және технология пәндік онкүндігінің жоспары
Тақырыбы: "Әлем балалардың қолымен!»
Мақсаты: шығармашылық қабілеті бар, бейнелеу, сызу, музыка және технологияны зерттеуге ынталы білім алушыларды анықтау.
Міндеттері:
1. Сыныптан тыс іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру
2. Өнімді практикалық қызмет арқылы танымдық қызығушылықты, шығармашылық әлеуетті дамыту
3. Ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеу: еңбекқорлық, ұқыптылық, іске деген құштарлық, бастамашылдық, ұжымшылдық, шеберлікке құрметпен қарау.