Текст
2022 жылдың 19 желтоқсанында «Бейіс-Хазірет ауылының НО» КММ-де мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау өтті.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған балалар мен жасөспірімдер ұйымы.
Бүгінгі таңда бұл бірлестіктің қатарына мектебіміздің үздік балалар, шоқтығы биік шәкірттері, белсенділері қосылды. «Жас ұлан» мен «Жас қыран» қатарына 10 оқушы қабылданды.
Жиналғандардың ду қол шапалақтауымен оларғ галстук байлап, төсбелгі тағылды. Балалар ұйымы – толыққанды тұлға, қоғамның белсенді мүшесі, азамат және патриот, ең бастысы тұлға болып қалыптасуының негізі .