Текст
Жас маман апталығы аясында тәжірибелі ұстаздар Оспанова Н.К. және Өмірзақова А.С. жетекшілігімен "Достықпен күшіміз артады" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында түрлі жұмыс түрлері қолданылды. Сынып сағатының тақырыбы анаграмма түрінде жасырылып, оны шешу арқылы балалар іс-шараның мақсаттарын анықтады. Іс-шара барысында балалар бұл күннің шығу тарихымен танысып, "Достық" тақырыбында кластер құрып, достық туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешті, викторина сұрақтарына жауап берді, достық туралы ән шырқады. Балалар бір-біріне және жақындарына тілектерін көгершіндерге жазып, оларды шаңыраққа ілді. Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, мол жағымды эмоциялар алды.