Текст
"Есіл" қала сыртындағы сауықтыру кешенінде біздің Бейісхазірет негізгі мектебінен екі бала жеңілдік негізінде тегін демалды, олар Новосад Римма және Новосад Татьяна. "Есіл" лагерінен көптеген жағымды эмоциялар алып келді. Олар анасына, Новосад Дана Дулатқызына өздерінің алған әсерлері туралы айтып берді. Әрине осы ұмытылмас 10 күнде олар ауданның түкпір-түкпірінен келген балалармен танысып,нағыз достар тапты.
Дана Дулатқызы Атбасар ауданының әкімдігіне, Атбасар аудан әкімі А. А.Қалжановқа, білім бөлімінің басшысы Наймушина Н. Г-ға., "Есіл" сауықтыру кешенінің директоры А. М. Қозыбақоваға және тәрбиешілерге, аспазшыларға балалардың тамаша демалысы үшін алғыс білдіреді.