Текст
Бейісхазірет негізгі мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі Попович Н.П ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік денсаулық күніне арнап әртүрлі спорттық іс-шаралар өткізді. Іс-*шара 8-9 сынып оқушыларының биімен басталды. Волейбол, үстел теннисі және мини-футболдан жоғарғы сыныптар арасында жарыстар өткізілді. Ал бастауыш сыныптар арасында «Көңілді старттар» өткізіліп, оқушылар үлкен қуанышқа кенелді.