Текст
6 наурыз күні Бейісхазірет негізгі мектебінің 6 сыныбында Халықаралық әйелдер күніне арналған ата-аналардың қатысуымен «Аналар мерекесі » атты сыныптан тыс шара өтті. Мереке оқушылардың құттықтауынан басталып, «Анашым» әнімен жалғасты. Әннің аналарға әсер еткені соншалық, көздеріне жас алып, асқан сезіммен тыңдады.Әрі қарай құттықтаулар жалғасып, мереке соңы мерекелік тәтті шайға ұласты. Аналар оқушыларға, сынып жетекшісініе алғыстарын айтып, үйлеріне қуанышты көңіл-күймен қайтты.