Текст
01.12.2025
Бүгін 5–9 сыныптарда тәрбие сағаты өтті.
Сабақта Бүкіләлемдік СПИД-тен қорғану күні туралы ақпарат беріліп, денсаулықты қорғаудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік мүлікті қорғау, волонтерлік қызметтің рөлі айтылды.
Қауіпсіздік сағаты аясында оқушылар қақтығыс салдарындағы жауапкершілік, жеке шекараларды сақтау, сондай-ақ жас ерекшелігіне байланысты интернеттегі шектеулердің әсері туралы мәлімет алды.
Тәрбие сағаты оқушылардың жауапкершілігін, қауіпсіз мінез-құлқын және қоғамға деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.