Текст
Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Сендер – менің бақытымның бұлағы…» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ақын Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар, ақынның поэзиясына талдау жасап, шығармаларындағы негізгі ой мен тәрбиелік мәнін анықтады. Сабақ оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, туған елге, адамға деген сүйіспеншілікті дәріптеуге бағытталды.