«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет онкүндігінің есебі

21.12.2017

Қазақ тілі мен әдебиет онкүндігінің есебі

 

      Бейісхазірет негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі 4-14 желтоқсан аралығында «Рухани тәуелсіздіктің басты негізі – қазақ тілі» тақырыбында онкүндіктің салтанатты ашылуы өткізілді.

     4.12. Онкүндік салтанатты сап түзеумен әдеби композициямен басталды, онкүндіктің

жоспарымен оқушылар таныстырылды. Салтанатты ашылу рәсімін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Хусаинова М.Қ., Исмаганбетова Т.А. мазмұнды етіп өткізді. 8 сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша викторина жүргізді.

        5-8 желтоқсан аралағында 2-6 сынып оқушыларының арасында «Менің Отаным - Қазақстан!» атты сурет көрмесі болып өтті. Бұл сайыстың мақсаты: оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашу, білімді де өнерлі ұл-қыздар тәрбиелеу.Сурет көрмесінде барлық сынып оқушылары белсене қатысты.Бұл көрмеде «Қылқалам шебері» атты дипломмен 2 сынып оқушысы Клочек Елена, 3 сынып оқушысы Михайлова Анастасия, Оспанова Айнур, Новосад Римма, 4 сынып оқушысы Дюкова Луиза, 5 сынып оқушысы Омурзакова Томирис, Габдушев Азат, 6 сынып оқушысы Дегряренко Дарья марапатталды.

      6.12. Онкүндіктің үшінші күнінде сыныптан тыс шара өткізілді.  3 - 4 сыныптар арасындағы өткен « Қызықты қазақ тілі әлемі» зияткерлік сайысы оқушылардың білімдерінің деңгейін көрсете білді. Әсіресе 3 сынып оқушысы Михайлова А., Радченко И., Сизова А., 4 сынып оқушысы Дюкоза Л., Соколова А өз белсенділіктерін көрсетті.

      7.12. Бұл төртінші күнінде  тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған «Туған жерім – алтын бесігім» атты көркем сөзден мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыста туған жер туралы слайдтар көрсетіліп, оқушылардың жауаптарымен толықтырылып отырды, одан әрі қарай поэзияға ұласып,оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мәнерлеп оқуда Нурпеисова Д, Радченко И,Жұмаш А,Каменскйх А.,Нурпеисов С ерекше көзге түсті.

       8.12. Бесінші күні 1-4 сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» атты сабақтан тыс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты  оқушыларды өз отаның  сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болатын.

     12.12. Жетінші күнінде  5 – 9 сыныптар арасында « Білімділер» сабақтан тыс  сайыс өткізілді. Сайыс кезінде  оқушылар екі топқа бөлініп, қазақ тілі пәні бойынша білімдерінің қандай екенің көрсете білді.

      13.12. Сегізінші күнінде 3 сыныпта  «Астана – жас қала» атты ашық сабақ өткізілді. Өз сабағында сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолданып, қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Ашық сабақта бастауыш сынып мұғалімі Омурзакова А.С  қонақта болды.

      13.12.  Тоғызыншы күні 5-9 сыныптар арасында 16 желтоқсан күніне арналған «Туған жерім – тал бесігім» атты мультимедиалық бейне роликтер сайысы өтті. Әр сынып оқушылары Қазақстан жері туралы бейне роликтер көрсетті. Осы сайыста 9 сынып оқушылары 1 орынға ие болды.

14.12. күні апталықтың аяқталуына байланысыты  салтанатты түрде сап түзеу өткізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімдері осы апталықта белсенді қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, сайыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылырды мақтау қағаздарымен марапаттап шықты.

                                                                                                           

 

 

 

 

Просмотров: 879


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст