«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Құрметті достар, сіздерді біздің ресми сайтта қарсы алуға қуаныштымын! Сайт пайдаланушыларына жұмыста шығармашылық табыс, жеке өмірінде бақыт тілеймін. Біздің қарым-қатынасымыз сізге тәрбиеленушілеріміздің рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және тәрбиелеуге нақты көмек береді деп сенемін.
Құрметпен, мектеп директорының міндетін атқарушы Жакупова Даметкен Серікқызы.
Сенім телефоны: 8 (71643) 51550
Директорды қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08.00 - ден 18.00-ге дейін, түскі ас сағат 13.00 - ден 14.00-ге дейін)
Жаңалықтар
-
16.09.2025
Мектептегі таңғы жаттығу
Біздің мектепте әр сейсенбі күні сабақ басталар алдында таңғы дене жаттығулары өткізіледі. Бұл дәстүр оқушылардың сергіп, көңіл-күйін көтеруге және сабаққа белсенді дайындалуына ықпал етеді.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Попович Н.П.
-
15.09.2025
“Буллинг”
Жоғарғы сыныптарда кезекті сынып сағаты “Буллинг” тақырыбында өтті. Онда буллингтің түрлері, себептері мен салдары туралы әңгіме жүргізілді. Сабақ соңында талдау жасап, қорытынды шығарумен аяқталған тренинг ұсынылды.
-
12.09.2025
Тілдері апталығы
Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде викторина өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері жайлы білімдерін, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеру деңгейін...
-
12.09.2025
Қарапайым «Сәлем!» жүректерді біріктіре алады.
Қарапайым «Сәлем!» жүректерді біріктіре алады. Біздің оқушылар мұны әртүрлі тілдерде амандасып дәлелдеді.
-
10.09.2025
Көңілді үзіліс
Сабақта біз білім аламыз, ал үзілісте — демалып, көтеріңкі көңіл-күй жинаймыз!
Бейс-Хазрет ауылының КММ НОМ оқушылары қысқа ғана минуттарды да нағыз мерекеге айналдыра біледі. Күлкі, ойын мен достық — мектеп күндерін жарқын әрі есте қаларлық етеді. Біздің...
-
09.09.2025
«Тоғызқұмалақ күні»
2021 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы 9 қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп жариялады. Осы күнге орай және ұлы Абайдың 180 жылдығына байланысты КММ «Бейс-Хазрет ОМ» мектебінде тоғызқұмалақ тақтасымен флешмоб өткізілді.
Іс-шараның...
-
09.09.2025
Таңғы дене жаттығулару
Біздің мектепте әр сейсенбі күні сабақ басталар алдында таңғы дене жаттығулары өткізіледі. Бұл дәстүр оқушылардың сергіп, көңіл-күйін көтеруге және сабаққа белсенді дайындалуына ықпал етеді.
Ұйымдастырушы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Попович Н.П.
...
-
08.09.2025
«Тіл – халық қазынасы»
Бейс-Хазрет ауылы КММ НОМ-де Қазақстан халқы тілдері күніне орай оқушылар «Тіл – халық қазынасы» тақырыбы аясында өлең жолдарын арнады. Олар туған тілдің қадір-қасиеті мен мәнін жүрек тебірентер жыр жолдарымен жеткізді.
-
08.09.2025
«Отбасы күні»
5–9 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері «Отбасы күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Әрбір баланың өміріндегі отбасының рөлі, оның маңызы мен құндылықтары туралы әңгіме жүргізілді.
-
08.09.2025
«Отбасы күні»
Бейс-Хазрет ауылының КММ НОМ-де сынып жетекшісі Омурзакова А.С. «Отбасы күні» тақырыбында қызықты да тартымды сынып сағатын өткізді. Оқушылар жұмбақтар шешіп, өлеңдер тыңдап, өз отбасына хат жазды.