Текст
19.10.2025
Бастауыш сыныптар апталығы аясында «Леопольд мысық» атты мейірімді және тәрбиелік мәні зор мультфильм көрсетілді.
Мультфильм балаларды мейірімділікке, сабырлылыққа және сыпайылыққа баулитын маңызды адамгершілік қасиеттермен таныстырды.
Көрсетілімнен кейін балалармен әңгіме жүргізілді:
– Мультфильмнен не ұнады?
– Леопольд мысық қандай болды?
– Ол бізге нені үйретті?
Оқушылармен бояу жұмыстарын қамтитын шығармашылық тапсырма орындалды.
Балалар өте риза болып, мультфильмнің жалғасын көргісі келетіндерін білдірді.