4 сәуірде Бейсхазрет негізгі мектебінде өрт туындаған жағдайда шағын орталық әкімшілігінің, мұғалімдерінің, мектеп қызметкерлерінің, оқушылары мен балаларының іс-әрекеттерін пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.
Сағат 10.00-де адамдарға өрт туралы автоматты ескерту жүйесі енгізілді. Мектеп завхозы Бурашев Амантай Серікұлы мектеп ғимаратына ток түсуін тоқтатты. Мұғалімдер мектеп ғимаратынан барлық эвакуациялық қақпаларды ашты.
3 минут 15 секунд ішінде мектеп оқушылары мен қызметкерлерін осы үшін бөлінген арнайы орынға негізгі және қосалқы шығу жолдары бойынша толық эвакуациялау жүргізілді. Мектеп оқушылары мен қызметкерлерін қайта санау кезінде мұғалімдерді, оқушылар мен балаларды шағын орталықтан 100% эвакуациялау анықталды. Балалар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау дүрбелең мен әбігерсіз ұйымдастырылды.