2020 жылғы 19 тамызда Атбасар ауданында «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында жалпыреспубликалық педагогикалық кеңес өткізілді.Мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшіліктерімен педагогтарды хабардар ету.
Бейісхазірет негізгі мектебі»КММ-нде де қашықтықтан «ZOOM» платформасында педагогикалық кеңес өтті.Мектеп директоры С.Д.Нурпеисов ұжымды басталғалы тұрған жаңа оқу жылымен құттықтады.Әрі қарай карантиндік жағдайдағы оқу ерекшіліктерімен таныстырды.Оқу-ісі жөніндегі орынбасары жоба түрінде қоңырау кестесімен таныстырып өтті және бағалаудағы өзгерістермен таныстырды.
Пандемия кезіндегі мұғалімнің рөлінің маңыздылығы туралы айтты.