«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы лагерь. «Денсаулықты сақтау керек»

25.06.2025

   Бүгінгі күн лагерьде белсенді, танымдық және шығармашылық атмосферада өтті! ☀️
Күн таңғы сергек жаттығудан басталды — бұл балаларға қуат пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Одан кейін балалар «Денсаулықты сақтау керек» атты денсаулық минутына қатысып, күнделікті денсаулықты қалай күту керектігі жайлы пайдалы кеңестермен танысты. 🥦🚶‍♀️

Содан соң балаларды қызықты шығармашылық тапсырма күтіп тұрды — олар ертегіні сурет арқылы бейнелеп, қиялы мен өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті. 🖌️📖 Әр сурет нағыз қағаз бетіндегі ертегіге айналды!

Таңертеңнің соңында балалар көңілді әрі зияткерлік ойындарға қатысты — олар қимылды Твистер ойынын ойнап, логика мен ептілікті қажет ететін дойбыда жарысты. ♟️🎯

Күн өте жарқын, пайдалы және жүрекке жылы болды!

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст