Текст
Бүгінгі күн лагерьде жарқын, танымдық және көңілді өтті! 🌞
Таңертең балаларды сергектікке баулыған көңілді жаттығудан басталды. Бұл оларды оятып, бүкіл күнге қуат берді. Одан кейін тыныштық пен жайлылық кезеңі басталды — балалар сүйікті кітаптарын оқып, қызықты әлемдерге саяхат жасады. 📚
Одан соң «Көңілді оқиғалар» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті. Бұл сәтте күлкі мен шаттық бір сәтке де толастамады! Қатысушылар қиялдарын, тапқырлықтарын және әзілқойлығын танытып, күлкілі оқиғалармен бөлісіп, қызықты сайыстарға қатысты. 🎭
Күн соңында балалар үстел ойындарын ойнады. Бұл зейінді, ойлау қабілетін дамытуға және бір-бірімен шынайы қарым-қатынас жасауға тамаша мүмкіндік болды. 🎲