«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы лагерь. День отца.

14.06.2025

Бүгінгі күн лагерьде ерекше мазмұнды, көңілді әрі жүрекке жылы өтті!🦋Таңғы уақыт балаларды сергек ететін, белсенді күнге шабыттандыратын белсенді жаттығумен басталды.⚡️

Одан кейін балаларды көңілді әуендермен өткен «Биле, жас кезіңде!» атты ойын-сауық бағдарламасы күтті. Балалар сүйікті әндерге би билеп, күлкі мен қуанышқа бөленіп, өз эмоцияларын қозғалыс арқылы көрсетті.💃🕺

15 маусым – Қазақстанда Әкелер күніне орай, балалар өз қолдарымен әкелеріне арналған ашықхаттар жасады. Әр бала өз туындысына жүрек жылуын, сүйіспеншілігін және ризашылығын салып, әкелеріне қуаныш сыйлауға тырысты.💌🫂

Күннің соңында балалар «Менің көңіл-күйім» атты тренингке қатысты. Онда олар өз әсерлерімен, сезімдерімен бөлісіп, өз-өздерін және бір-бірін түсінуге үйренді.🤗

Бұл күн балаларға тек қуаныш сыйлап қана қоймай, мейірімділікке, сыйластыққа және отбасылық құндылықтарға бір қадам жақындатты.🧑‍🧑‍🧒💕

Просмотров: 1105


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст