Текст
Бүгінгі таңғы уақыт лагерьде қызықты әрі мазмұнды өтті.
Балаларға қуат пен жақсы көңіл-күй сыйлаған сергек таңғы жаттығудан кейін балалар құқықтары туралы танымдық әңгіме өтті. Балалар маңызды тақырыптарды қызығушылықпен талқылап, өз ойларын шығармашылықпен жеткізу үшін балалар құқықтарына арналған комикстерді бояды.
Одан кейін бәрі таза ауада серуендеп, қозғалмалы ойындар ойнап, белсенді демалды. Таңғы уақыттың соңында өткен «Менің көңіл-күйім» атты тренингте балалар өз сезімдерін түсініп, білдіруді үйренді.