«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті

25.02.2017

                                    Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті
    « Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз-ол тіліміз. Осындай мақсатпен бүгін  21 ақпан- Халықаралық ана тілі күніне орай  Бейісхазірет негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Хусаинова  Мейрамкуль  Казмаганбетовнаның жетекшілігімен    «Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» атты  іс-шарамен  ашылу салтанатын  және «Ана тілі-халықтың рухани байлығы»  тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында викторина өткізді.Ашылу салтанатында мұғалім кіріспе сөз сөйлеп, осы мереке туралы айтып өтті. Ашылу салтанатына қазақтың салты бойынша шашу шашылды. Оқушылар өз ана тілдерінде және мемлекеттік тілде тақпақтар, прозалар оқып өздерінің ана тілге деген құрметтерін көрсете білді.

Просмотров: 702


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст