«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бейіс Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Бейс-Хазрет отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілім-ертеңім, болашағым.

18.03.2017

Кеше, наурыздың 17  жұлдызында отанын сүю, қазақ халқының мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу, мемлекеттік тілді құрметтеу, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілдің қаншалықты маңыздылығы бар екенін   көрсету мақсатында «Бейісхазірет негізгі мектебі»  КММ қабырғасында «Әдеби-көркем оқу» номинациясы бойынша  «Қазақ

тілім-ертеңім, болашағым»  атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа  2-4 сынып  пен 

5-9 сынып оқушылары  арасындағы өзге ұлт өкілдері қатысты. Атап айтсақ  2

сынып оқушылары Михайлова Настя,Радченко Иван, Сизова Ангелина, Евтеев Петр,3

сынып оқушылары  Соколова Арина, 4 сынып оқушылары Мнека Алиса, Каменских Антон, Соловьева  Карина, 5 сынып оқушысы Дехтяренко Дарья, 6 сынып оқушысы Радченко Екатерина,7 сынып оқушысы Клочек Екатерина, 9 сынып оқушысы Каменских Анна. Сайыс 4 кезеңнен  өтті. 1-кезең  Қазақтың ақын-жазушыларының  өлеңдерінен, халық ауыз әдебиетінен  үзінділер  мәнерлеп оқу болды. (Үй тапсырмасы 5 мин) Бұл кезеңде оқушылардың мәнерлеп оқуы, сахна мәдениеті ескеріліп, сол бойынша бағаланды.2-кезең- «Мың бір мақал»  мақал-мәтелдер байқауы. Бұл кезеңде оқушылар мақалды жалғастыру арқылы өз білімдерін көрсетті.3-кезең «Мәтінді аудар» Бұл кезеңге 5 минут уақыт берілді.Әр оқушы мәтінді  мәнерлеп оқып, аударма жұмыс жасады.4-кезең  Тақырып бойынша диалог құрсатыру керек. Оған 2 минут уақыт берілді. Сайыс мемлекеттік әнұраннан басталды. Сайысты ұйымдастырушылар  қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Хусаинова Мейрамкуль Казмаганбетовна және бастауыш сынып мұғалімі  Исмаганбетова Толкын Амангельдиевна. Сайыстың ашылуында Хусаинова Мейрамкуль Казмаганбетовна сөз сөйлеп, сайыстың ережелері туралы түсінік беріп, әділқазы алқасымен таныстырып, сайыскерлерге ақ жол тіледі. Әділқазылар алқсының құрамына  Бейісхазірет негізгі мектебінің кітапханашысы Бурашев Амантай Серікұлы, Атбасар ауданы білім бөлімінің маманы Козыбакова Аселя Мухтаровна, мектеп дтректоры Нурпеисов Сагындық Даулетұлы, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жакупова Даметкен Сериковна, ата-аналар ұйымының төрайымы Исмаганбетова Бақыт Мидяновна кірді.Әрі қарай сайыс жалғасып, өз мәресіне жетті. Сайыс соңында әділқазылар алқасы әділ шешім жасап,сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттап, жүлделі орын алған оқушыларға аудандық кезеңге жолдама берді. Олар 4 сынып оқушысы Каменских

Антон, 6 сынып оқушысы Радченко Екетерина. Ал 2-3 орынды 9 сынып оқушысы Каменских Анна, Дехтяренко Дарья,Клочек Екатериналар бөлісті. Мемлекеттік тілге арналған іс-шара жақсы өтіп, өз бағасын алды.Осындай іс-шаралар Бейісхазірет негізгі мектебінде жалғасын таба бермек.

 

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст