Текст
«Бейіс-Хазірет ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де педагог-психолог 7-сыныпта «Сезімдер мен эмоциялар» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларды эмоциялар мен сезімдердің негізгі түрлерімен таныстыру; өз эмоцияларын ажыратып, оларды дұрыс білдіру қабілетін дамыту; эмоцияларды бақылауға және күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету.