Текст
2025 жылдың 3 ақпанында мектепте математика және физика апталығының салтанатты ашылуы өтті. Математика пәнінің мұғалімі Оспанова.Н.К "Математика және физика әлемі" атты презентация дайындады. Мұнда әртүрлі викториналар, жұмбақтар, басқатырғыштар, тапқырлыққа, назар мен жылдамдыққа арналған тапсырмалар ұсынылды. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысты. Математика пәнінің мұғалімі Оспанова.Н.К "МиФ әлемі" қабырға газетін шығарды және QR коды бар ақпараты бар ұлы математиктер мен физиктердің портреттерінің көрмесін дайындады.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында әр түрлі математикалық ойындар өткізілді.